және тегін жарияланған үшін сертификат алу

1 қыркүйек-Білім күні

sertificate

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Сіздерді күз айының жарқын да қуанышты айтулы мерекесі-Білім күнімен құттықтаймыз! Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам болып есептеледі. Сондықтан, олардың білім шаңырағындағы әр сағаты қызықты сабақтармен, таңғажайып жаңалықтарымен ұштассын! Мыңдаған оқушылар мен студенттер, білім мен ғылым саласындағы ұстаздар мен оқытушылар, барша ПЕДАГОГТАР үшін 1 қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы. Жаһандану процесі барысында білім сапасына ерекше көңіл бөлінетіндігін ескерсек, Республикалық «Педагог» озат педагогтар порталы сіздерге жаңа оқу жылында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады! Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын!