және тегін жарияланған үшін сертификат алу

30 тамыз ҚР Конституция күні құтты болсын

sertificate

Бүгін – Қазақстан Республикасының Ата Заңы күні. Қазіргі Конституция жалпыхалықтық референдум негізінде 1995 жылдың 30 тамызында қабылданып, 5 қыркүйегінде күшіне енді. Ата Заңымыз 9 тарау және 98 баптан тұрады.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, Қазақстанда Конституция тұңғыш рет 1924 жылы және кейінірек 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды. Қазіргі Ата Заңымыздан бұрын Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда алғашқы Конституция қабылданған болатын.

Алайда 1993 жылғы Конституция ескі әкімшіл-әміршіл ережелерге сүйенгендіктен, жаңа қоғам талабына сай болмады. Әрі онда адамның жеке құқығы мен бостандығы, және оны қамтамасыз ету қағидалары, мемлекеттік үкімет билігін жүргізу нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі нақты айқындалмаған еді. Сол себепті 1995 жылы Ата Заңымыз қайта қабылданды. 

Жаңа Конституция заң шығарушы, атқарушы және сот билігін белгілеп, олардың құзіреті мен өзара әрекет етуін заң тұрғысынан айқындады. Мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен қарапайым азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейді.

Ата Заң Қазақстан Республикасын демократиялық мемлекет деп жариялайды. Конституцияның 3-бабы 1-тармағында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық делінген. Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану – халық суверенитетінің көрінісі. Халық өз билігін тікелей республикалық референдум және сайлау арқылы жүзеге асырады, сонымен бірге билік жүргізуді мемлекеттік органдарға тапсырады.

Халықтың еркіндігін айшықтайтын бұл құжат өзінің нормалары мен қағидаларымен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениеті дамыған елдердің қатарына жетелейді. Сол себепті басты міндет – жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың Республика Конституциясына деген дәстүрлі құрметін дамыту.

Конституцияның қабылданған күні – мемлекеттік мереке. Биыл Ата Заң күніне орай қазақстандықтар төрт күн қатар демалады.