және тегін жарияланған үшін сертификат алу

«Менің анам - алтын» атты Халықаралық әйелдер күніне арналған балалардың шығармашылық байқауы

Аяқталды

Қатысу аралығы:

06 наурыз 2019 / 20 наурыз 2019

Қорытынды шығу:

29 наурыз 2019

Байқау туралы ереже:

Жүктеу

Төлемақы туралы әдіс:

Жүктеу

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ережелер «Менің анам - алтын» атты Халықаралық әйелдер күніне арналған балалардың шығармашылық байқауын өткізу туралы мағлұмат беріледі.

1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы:

«Білім-орда» Республикалық ғылыми-практикалық порталы.

1.3. Байқаудың мақсаты – шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету. Жазу дағдыларын, шығармашылыққа деген құлшыныстарын ояту.

1.4. Байқаудың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылады:

а) Оқушылардың білім сапасын және оқытудың нәтижелілігін арттыру;

б) Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен танымдық белсенділігін арттыру;

в) Оқушыларды білім беру мекемесі мен аймақ көлемінен кең масшабта өз білімін көрсете алуға жағдай туғызу.

1.5. Байқаудың әр жұмысына сараптамалық бағалаулар жүргізіледі. Әр қатысушы үшін тіркелу жарнасы 1500 теңгені құрайды.

 

2. Байқау катысушылары

2.1. Байқауға Қазақстан Республикасы бойынша жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия және басқа да білім беру мекемелерінің 1-11-сынып оқушылары қатысуына болады. Байқауға қатысушылар жетекшілерімен бірге байқауға үміткер бола алады.

2.2. Байқау үш номинация бойынша жүргізіледі. Олар:

- «Үздік сурет» (байқауға 1-4-сынып оқушылары қатыса алады);

- «Үздік шығарма» (байқауға 5-8-сынып оқушылары қатыса алады);

- «Үздік видеоролик» (байқауға 9-11-сынып оқушылары қатыса алады).

2.3. Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын ерікті түрде ұсынады.

2.4. Байқауға өз жұмыстарын жеке (бір адам) түрде ұсына алады. Байқауға екі немесе оданда көп адам болып бірлесіп қатысуға болмайды. Байқауға жеке түрде қатысу міндетті.

2.5. Байқауға Қазақстан Республикасының барлық аумақтарының қатысушылары қатыса алады.

 

3. Байқау пәні

3.1. Байқау бір ғана кезең бойынша қарастырылады.

3.2. Байқаудың тақырыбы – автордың шығармашылық көзқарасы толықтай ашылуы.

3.3. Байқауға қатысу үшін тек түпнұсқа жұмысы жіберіледі (автордың өзі ұсынған). Көшірме (плогиат) жұмыстар қабылданбайды.

 

4. Байқаудың өту уақыты

4.1. Байқаудың мерзімі және оның жеке кезеңдері төмендегі кестеге сәйкес жүргізіледі:

- Құжаттарды қабылдау 06.03 - 20.03.2019ж. аралығына дейін жіберілу керек.

- Жұмыстарды тексеру және бағалау 20.03 - 29.03.2019ж. аралығында жүреді.

- Байқаудың жалпы қорытындысы 30.03.2019ж. ұйымдастыру порталында жарияланады.

4.2. Ұйымдастырушы байқаудың уақытын өзгертуге құқылы. Байқаудың жұмыс кестесін өзгерту туралы қатысушыларға bilim-orda.info порталы арқылы хабарлау міндетті.

 

5. Байқаудың жұмыстарын жіберу

5.1. Байқаудың жұмыстарын қабылдау bilim-orda.info порталы арқылы жүзеге асырылады.

5.2. Байқауға еркін тақырып бойынша жұмыстар қабылданады.

5.3. Суреттерді JPG, BMP, PDF, PNG форматында сақталу керек. Торапқа жүктеу үшін, суретті WinRAR бағдарламасымен мұрағаттау керек. Мұрағат пішімі .ZIP, .RAR болып табылады.

5.4. Мәтіндер келесі жолмен рәсімделеді: мақаланың атауы бас әріппен, жартылай қара, Times New Roman қаріпі, 14 кегіл, орта бойынша. Интервалдан кейін бір жол төменірек автордың фамилиясы аты-жөні толығымен жартылай қара, Times New Roman қаріпі, 14 кегіл, бұдан кейін келесі жолда курсивпен – ұйымның атауы (толық, аббревиатурасыз), қала. Бұдан әрі интервалдан кейін ұсынылып отырған толық мәтін басылады. Бет бағыты – кітаптық. Беттің жолдары сол жақ 3см, оң жақ 1,5см, жоғары және төмен жақтары 2см.

5.5. Видеороликтердің негізгі ұзақтығы – 2 минут. Файлдың ең үлкен өлшемі - 20 МБ, ең төменгі бейне ажыратымдылығы - 640х480. Торапқа жүктеу үшін, бейнені WinRAR бағдарламасымен мұрағаттау керек. Мұрағат пішімі .ZIP, .RAR болып табылады.

5.6. Файлға қатысушы өзінің Т.А.Ә және жұмыс атауы бойынша сақтау керек.

 

6. Байқаудың жұмыстарын жариялау

6.1. Байқауға қатысуға ұсынылған құжаттарды сараптаудан өткізіп, Ұйымдастырушы оны bilim-orda.info порталында электронды түрде қорытындысы жарияланады.

6.2. Әрбір жұмыс сараптамалық түрде бағаланады.

6.3. Қатысушылар жұмыстарын жіберу үшін bilim-orda.info порталы ұсынған өтінішті толтыру арқылы Ұйымдастыру комитетіне жіберіледі.

6.4. Жұмыстың оң шешімі қабылданған жағдайда порталда жарияланады. Жарияланған күннен бастап мадақтамалар қатысушының мекен-жайына жіберіледі.

 

7. Байқауды марапаттау

7.1. Байқау қатысушыларына келесі құжаттар беріледі:

1) Байқауға қатысқаны туралы растайтын қатысушының сертификаты;

2) Байқауға қатысып жүлделі орынға ие болған қатысушыларға жүлдегер Дипломы;

3) Байқауға қатысып, ең үздік нәтиже берген қатысушыға жеңімпаз Дипломы. 

4) Байқауға қатыстырғаны үшін жетекшісіне арнайы алғыс хат;

7.2. Байқаудың барлық марапаттары Казпошта арқылы жіберіледі (жіберу қосымша төлемдерді талап етпейді).

 

8. Қатысушының құжаттарын тіркеу және ұсыну

Байқауға қатысушының құжаттарын өтініш беру формасын толтыру барысында көрсетілген ақпараттар негізі бойынша жүзеге асырылады. Ұйымдастырушы комитет қатысушы өтініш беру кезінде жіберген қателікке жауап бермейді. Оған тек қатысушы өзі ғана жауапты болады.

 

9. Жұмыстың сараптамасы

9.1. Жұмыстың сараптамасын жоғары білікті ғалымдар мен педагогтардан құралған сараптамалық комиссия жүзеге асырады.

9.2. Сарапшы бағалау әдісін төменде көрсетілген критерийлер бойынша жүргізеді:

- Жұмыстың стилі мен мазмұндылығы;

- Қызықты идеясы мен жарқын бейнесінің болуы. 

- Жалпы сауаттылығы (орфографиялық, стилистикалық);

- Ұқыпты безендірілуі. 

9.3. Әр кезең бойынша ең жоғарғы балл -10 ұпай. Ең төменгі балл – 1 ұпай болып есептеледі.

9.4. Ұйымдастырушылардан сараптама нәтижелеріне түсініктеме беру талап етілмейді.

 

10. Байқаудың жүргізілу тәртібі

10.1. Ұсынылып отырған әдістемелер сырттай нысанда жүргізіліп оған барлық ынта білдіргендер қатыса алады.

10.2. Байқау материалдары: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

10.3. Байқау марапаттарын Ұйымдастыру комитеті  өзі безендіруге, жөндеуге және оны таратуға өз міндетіне алады.