және тегін жарияланған үшін сертификат алу

«Менің панорамалық сабағым» атты ІIІ Республикалық үздік панорамалық сайысы

БАСТАЛДЫ

Қатысу аралығы:

21 қыркүйек 2020 / 09 қазан 2020

Қорытынды шығу:

16 қазан 2020

Байқау туралы ереже:

Жүктеу

Төлемақы туралы әдіс:

Жүктеу

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ережелер «Менің панорамалық сабағым» атты ІІI Республикалық үздік панорамалық сайыстыөткізу туралы мағлұмат беріледі.

1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы:

«Білім-орда» Республикалық ғылыми-практикалық порталы.

1.3. Байқаудың мақсаты – білім беру сапасын жақсарту, заманауи білім беру үлгісін жетілдіру және жаңаландыру бойынша педагогикалық ой-ізденістерін дамыту.

1.4. Байқаудың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылады:

а) мұғалімдердің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, үздік сабақ жоспарларын насихаттау және тарату;

б) оқу-әдістемелік тәжірибелерін  дамыту;

в) заманауи педагогикалық технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасу;

г) озық әдістемелік әзірлемелерді анықтау.

1.5. Байқаудың әр жұмысынасараптамалық бағалаулар жүргізіледі.Әр қатысушы үшін тіркелу жарнасы 3500 теңгені құрайды.

 

2. Байқау катысушылары

2.1.Байқауғабілім беру ұйымдары, бастауыш, орта арнаулы білім білім беру мекемелері, балаларға арналған қосымша білім беру мекемелері, мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері мен тәлімгерлерінің қатысуына болады.

2.2.Байқау бір ғана номинация бойынша жүргізіледі. Ол:

-«Үздік сабақ жоспары» (қатысушы педагог өзінің өткен үздік әдістемелік (сабақ) жоспарын жолдайды).

2.3. Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын ерікті түрде ұсынады.

2.4. Байқауғаөз жұмыстарынжеке (бір адам) түрде ұсына алады.Байқауға екі немес оданда көп адам болып бірлесіп қатысуға болмайды. Байқауға жеке түрде қатысу міндетті.

2.5. БайқауғаҚазақстан Республикасының барлық аумақтарының қатысушылары қатыса алады.

 

3. Байқау пәні

3.1. Байқау бір ғана кезең бойынша қарастырылады.

3.2. Әрбір жұмыс құрылымды болуы керек. Яғни, мақсаттары, міндеттері, әдіснамалық жаңалығы және автордың бағалау тиімділігі толық түрде көрсетілу керек.

3.3. Байқауға қатысу үшін тек түпнұсқажұмысы жіберіледі (автордың өзі ұсынған). Көшірме (плогиат) жұмыстар қабылданбайды.

3.4. Жалпы  орта  мектептері,  гимназиялары,  мектеп-интернаттары,  мектеп-лицейлері,  орта  арнаулы  және  жоғары  оқу  орындарының  мұғалімдері  мен оқытушылары, балабақша тәрбиешілері қатыса алады.

3.5. Жұмыстың көлемі кем дегенде 3000 таңбадан, 7000-ға дейін аспауы керек, соның ішінде бос орын таңбалары кездеседі (шамамен 2-5 бетті мәтін).

 

4. Байқаудың өту уақыты

4.1. Байқаудың мерзімі және оның жеке кезеңдерітөмендегі кестеге сәйкес жүргізіледі:

- Құжаттарды қабылдау 21.09 - 09.10.2020ж. аралығына дейін жіберілу керек.

- Жұмыстарды тексеру және бағалау 09.10 - 15.10.2020ж. аралығанда жүреді.

- Байқаудың жалпы қорытындысы 16.10.2020ж. ұйымдастыру порталында жарияланады.

4.2. Ұйымдастырушыбайқаудың уақытын өзгертуге құқылы. Байқаудың жұмыс кестесінөзгерту туралы қатысушыларға bilim-orda.infoпорталы арқылы хабарлау міндетті.

 

5. Байқаудың жұмыстарын жіберу

5.1. Байқаудың жұмыстарын қабылдау bilim-orda.info порталы арқылы жүзеге асырылады.

5.2. Байқауға барлық пәндер бойынша жұмыстар қабылданады.

5.3. Мәтіндер келесі жолмен рәсімделеді: мақаланың атауы бас әріппен, жартылай қара, Times New Roman қаріпі, 14 кегіл, орта бойынша. Интервалдан кейін бір жол төменірек автордың фамилиясы аты-жөні толығымен жартылай қара, Times New Roman қаріпі, 14 кегіл, бұдан кейін келесі жолда курсивпен – ұйымның атауы (толық, аббревиатурасыз), қала. Бұдан әрі интервалдан кейін ұсынылып отырған толық мәтін басылады. Бет бағыты – кітаптық. Беттің жолдары сол жақ 3см, оң жақ 1.5см, жоғары және төмен жақтары 2см.

 

6. Байқаудың жұмыстарын жариялау

6.1. Байқауға қатысуға ұсынылған құжаттарды сараптаудан өткізіп, Ұйымдастырушы оны bilim-orda.info порталында электронды түрде қорытындысы жарияланады.

6.2. Әрбір жұмыс сараптамалық түрде бағаланады.

6.3. Қатысушылар жұмыстарын жіберу үшін bilim-orda.info порталы ұсынған өтінішті толтыру арқылы Ұйымдастыру комитетіне жіберіледі.

6.4. Жұмыстың оң шешімі қабылданған жағдайда порталда жарияланады. Жарияланған күннен бастап мадақтамалар қатысушының мекен-жайына жіберіледі.

 

7. Байқауды марапаттау

7.1. Байқау қатысушыларына келесі құжаттар беріледі:

1) Байқауға қатысқаны туралы растайтын қатысушының сертификаты;

2) Байқауға қатысып жүлделі орынға ие болған қатысушыларға жүлдегер Дипломы;

3) Байқауға қатысып, ең үздік нәтиже берген қатысушыға жеңімпаз Дипломы;

4) Байқауға қатысқаны үшін білім беру ұйымына алғыс хат;

7.2.Байқаудың барлық марапаттарыКазпошта арқылы жіберіледі(жіберу қосымша төлемдерді талап етпейді).

 

8. Қатысушының құжаттарын тіркеу және ұсыну

Байқауғақатысушының құжаттарын өтініш беруформасын толтыру барысында көрсетілген ақпараттарнегізі бойынша жүзеге асырылады. Ұйымдастырушы комитет қатысушы өтініш беру кезінде жіберген қателікке жауап бермейді. Оған тек қатысушы өзі ғана жауапты болады.

9. Жұмыстың сараптамасы

9.1. Жұмыстың сараптамасын жоғары білікті ғалымдар мен педагогтардан құралған сараптамалық комиссия жүзеге асырады.

9.2. Сарапшы бағалау әдісін төменде көрсетілген критерийлер бойынша жүргізеді:

- Инновациялық білім беру технологияларының бірін таңдауы.

- Сабақ жоспарды сапалы түрде баяндауы.

- Тақырыптың көкейтестілігі мен нақтылығы.

- Тақырыптың толық ашылуы, жоспардың жүйелі құрылуы.

- Шығармашылық және дәйектілік, өзіндік ой қорыта алуы.

- Материалдың баяндалу стилі мен тілінің лексикалық, грамматикалық талаптарға сәйкес болуы.

9.3. Әр кезең бойыншаең жоғарғы балл -10 ұпай. Ең төменгі балл – 1 ұпай болып есептеледі.

9.4. Ұйымдастырушылардан сараптама нәтижелеріне түсініктеме беру талап етілмейді.

 

10. Байқаудың жүргізілу тәртібі

10.1. Ұсынылып отырған әдістемелер сырттай нысанда жүргізіліп оған барлық ынта білдіргендер қатыса алады.

10.2. Байқауматериалдары: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

10.3. Байқау марапаттарын Ұйымдастыру комитеті  өзі безендіруге, жөндеуге және оны таратуға өз міндетіне алады.