және тегін жарияланған үшін сертификат алу

«Ғылым-Смарт – 2020» атты ІV Республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстар сайысы

БАСТАЛДЫ

Қатысу аралығы:

21 қыркүйек 2020 / 09 қазан 2020

Қорытынды шығу:

16 қазан 2020

Байқау туралы ереже:

Жүктеу

Төлемақы туралы әдіс:

Жүктеу

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ережелер «Ғылым-Смарт – 2020» атты ІV Республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстар сайысын өткізу туралы мағлұмат беріледі.

1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы:

«Білім-орда» Республикалық ғылыми-практикалық порталы.

1.3. Байқаудың мақсаты – білім алушылардың танымдық, шығармашылық, зияткерлік қызығушылықтарын қалыптастыруға мумкіндік жасау. Оқушылардың ғылыми – зерттеу шығармашылық қызығушылықтарын дамытуға және қолдауға мүмкіндік жасау. Оқушылардың іргелі және қолданбалы ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту.

1.4. Байқаудың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылады:

а) Жастардың  ғылымға деген ынтасын арттыру.

б) Дарынды жас ғалымдары табу, әрі қолдау.

в) Жас ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру.

1.5. Байқаудың мәні мен мазмұны:

а) Сайысқа ғылыми жұмыстар мен жобалар қабылданады

б) Рефераттық жұмыстар сайысқа қабылданбайды

в) Материалдардың тақырыптамасына шектеу қойылмайды, алайда құжаттар білім беру сипатында болуы тиіс және жалпыға танылған ғылыми дәлелдерге, әдептік нормаларға және заңнамаға қайшы келмеуі керек.

г) Ғылыми жұмыстар мен жобалар әр түрлі бағыттар бойынша ұсынылуы мүмкін.

1.6. Байқаудың әр жұмысына сараптамалық бағалаулар жүргізіледі. Әр қатысушы үшін тіркелу жарнасы 2500 теңгені құрайды.

 

2. Байқау катысушылары

2.1. Байқауға Қазақстан Республикасы бойынша жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия (2-11-сынып) оқушылары, колледж, университет студенттері қатыса алады. Байқауға қатысушылар жетекшілерімен бірге байқауға үміткер бола алады.

2.2. Байқау төрт номинация бойынша жүргізіледі. Олар:

«Үздік тәжірибелік жобалар» (қатысушылардың өздерінің тәжірибиесін немесе зерттеліп кеткен тәжірибелерге сүйене отырып бағытталған мақалалары);

«Үздік зерттемелік жобалар» (қатысушылардың нақты ғылыми зерттеулерге бағытталған мақалалары);

«Үздік шығармашылық жобалар» (қатысушылардың еркін немесе дәстүрлі емес көзқарасты қалыптастыруға бағытталған мақалалары).

- «Үздік ақпараттық жобалар» (қатысушылардың ақпарат жинау арқылы, осы ақпаратпен таныстыруға, оны талдау мен кең аудиторияға арналған фактілерді жинауға бағытталған мақалалары).

2.3. Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын ерікті түрде ұсынады.

2.4. Байқауға өз жұмыстарын жеке (бір адам) түрде ұсына алады. Байқауға екі немес оданда көп адам болып бірлесіп қатысуға болмайды. Байқауға жеке түрде қатысу міндетті.

2.5. Байқауға Қазақстан Республикасының барлық аумақтарының қатысушылары қатыса алады.

 

3. Байқау пәні

3.1. Байқау бір ғана кезең бойынша қарастырылады.

3.2. Байқауға қойылатын талаптар:

- титулдық парақ;

- мазмұны;

- түйін (аннотация) – жұмыстың негізгі бағыттары бойынша қысқаша баяндамасы, қазақша немесе орысша беріледі (жұмыстың қай тілде жазылғанына байланысты);

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- қолданылған әдебиеттер тізімі.

3.3. Байқауға қатысу үшін тек түпнұсқа жұмысы жіберіледі (автордың өзі ұсынған). Көшірме (плогиат) жұмыстар қабылданбайды.

3.4. Жұмыс жетекшінің пікірімен және маманның сын пікірімен берілу керек, онда таңдалған тақырыптың мақсатқа сәйкестігі, автордың жұмысқа үлесі, артықшылығы және кемшілігі көрсетілуі тиіс.

 

4. Байқаудың өту уақыты

4.1. Байқаудың мерзімі және оның жеке кезеңдері төмендегі кестеге сәйкес жүргізіледі:

- Құжаттарды қабылдау 21.09 - 09.10.2020ж. аралығына дейін жіберілу керек.

- Жұмыстарды тексеру және бағалау 09.10 - 15.10.2020ж. аралығанда жүреді.

- Байқаудың жалпы қорытындысы 16.10.2020ж. ұйымдастыру порталында жарияланады.

4.2. Ұйымдастырушы байқаудың уақытын өзгертуге құқылы. Байқаудың жұмыс кестесін өзгерту туралы қатысушыларға bilim-orda.info порталы арқылы хабарлау міндетті.

 

5. Байқаудың жұмыстарын жіберу

5.1. Байқаудың жұмыстарын қабылдау bilim-orda.info порталы арқылы жүзеге асырылады.

5.2. Байқауға барлық пәндер бойынша жұмыстар қабылданады.

5.3. Мәтіндер келесі жолмен рәсімделеді: мақаланың атауы бас әріппен, жартылай қара, Times New Roman қаріпі, 14 кегіл, орта бойынша. Интервалдан кейін бір жол төменірек автордың фамилиясы аты-жөні толығымен жартылай қара, Times New Roman қаріпі, 14 кегіл, бұдан кейін келесі жолда курсивпен – ұйымның атауы (толық, аббревиатурасыз), қала. Бұдан әрі интервалдан кейін ұсынылып отырған толық мәтін басылады. Бет бағыты – кітаптық. Беттің жолдары сол жақ 3см, оң жақ 1,5см, жоғары және төмен жақтары 2см. Жұмыстың ауқымы машинамен басылған болуы тиіс, көлемі шектеусіз.

 

6. Байқаудың жұмыстарын жариялау

6.1. Байқауға қатысуға ұсынылған құжаттарды сараптаудан өткізіп, Ұйымдастырушы оны bilim-orda.info порталында электронды түрде қорытындысы жарияланады.

6.2. Әрбір жұмыс сараптамалық түрде бағаланады.

6.3. Қатысушылар жұмыстарын жіберу үшін bilim-orda.info порталы ұсынған өтінішті толтыру арқылы Ұйымдастыру комитетіне жіберіледі.

6.4. Жұмыстың оң шешімі қабылданған жағдайда порталда жарияланады. Жарияланған күннен бастап мадақтамалар қатысушының мекен-жайына жіберіледі.

 

7. Байқауды марапаттау

7.1. Байқау қатысушыларына келесі құжаттар беріледі:

1) Байқауға қатысқаны туралы растайтын қатысушының сертификаты;

2) Байқауға қатысып жүлделі орынға ие болған қатысушыларға жүлдегер Дипломы;

3) Байқауға қатысып, ең үздік нәтиже берген қатысушыға жеңімпаз Дипломы. 

4) Байқауға қатыстырғаны үшін жетекшісіне арнайы алғыс хат;

7.2. Байқаудың барлық марапаттары Казпошта арқылы жіберіледі (жіберу қосымша төлемдерді талап етпейді).

 

8. Қатысушының құжаттарын тіркеу және ұсыну

Байқауға қатысушының құжаттарын өтініш беру формасын толтыру барысында көрсетілген ақпараттар негізі бойынша жүзеге асырылады. Ұйымдастырушы комитет қатысушы өтініш беру кезінде жіберген қателікке жауап бермейді. Оған тек қатысушы өзі ғана жауапты болады.

 

9. Жұмыстың сараптамасы

9.1. Жұмыстың сараптамасын жоғары білікті ғалымдар мен педагогтардан құралған сараптамалық комиссия жүзеге асырады.

9.2. Сарапшы бағалау әдісін төменде көрсетілген критерийлер бойынша жүргізеді:

• ғылыми жаңашылдығы;

• қаралған мәселенің өзектілігі ;

• құрылымның негізділігі және мазмұнының қисындылығы;

• стиль және мазмұнының мәдениеттілігі;

• арнайы әдебиетті пайдалануы және ақпаратты қолданудың түрлілігі;

• шеттілді әдебиеттерді түпнұсқа тілінде қолданылуы;

• анализдың және ақпараттың өңдеуінің қазіргі әдісінің игерушілігі;

• меншікті ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінің болуы;

• автордың өзіндік жұмыс тәсілі;

• шешімнің және практикалық ұсыныстың болуы;

• жұмыстың безендірілуі.

9.3. Әр кезең бойынша ең жоғарғы балл -10 ұпай. Ең төменгі балл – 1 ұпай болып есептеледі.

9.4. Ұйымдастырушылардан сараптама нәтижелеріне түсініктеме беру талап етілмейді.

 

10. Байқаудың жүргізілу тәртібі

10.1. Ұсынылып отырған әдістемелер сырттай нысанда жүргізіліп оған барлық ынта білдіргендер қатыса алады.

10.2. Байқау материалдары: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

10.3. Байқау марапаттарын Ұйымдастыру комитеті  өзі безендіруге, жөндеуге және оны таратуға өз міндетіне алады.