және тегін жарияланған үшін сертификат алу

«Үздік тәрбиеші - 2019» атты Республикалық мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арналған байқауы

Аяқталды

Қатысу аралығы:

05 қыркүйек 2019 / 30 қыркүйек 2019

Қорытынды шығу:

11 қазан 2019

Байқау туралы ереже:

Жүктеу

Төлемақы туралы әдіс:

Жүктеу

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ережелер «Үздік тәрбиеші - 2019» атты Республикалық мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арналған байқауды өткізу туралы мағлұмат беріледі.

1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы:

«Білім-орда» Республикалық ғылыми-практикалық порталы.

1.3. Байқаудың мақсаты – білім беру саласындағы қызметкерлерінің кәсіби мамандарын, ең үздік жұмыстарды анықтау, авторларға әріптестерімен қашықтықтан жарысуға мүмкіндік жасау, жалпылау және педагогикалық тәжірибені тарату.

1.4. Байқаудың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылады:

а) тәрбиешінің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, үздік сабақ жоспарларын насихаттау және тарату;

б) оқу-әдістемелік тәжірибелерін  дамыту;

в) заманауи педагогикалық технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасу;

г) озық әдістемелік әзірлемелерді анықтау.

1.5. Байқаудың әр жұмысына сараптамалық бағалаулар жүргізіледі. Әр қатысушы үшін тіркелу жарнасы 2500 теңгені құрайды.

 

2. Байқау катысушылары

2.1. Байқауға мектепке дейінгі білім беру мекемесінің педагогтары мен тәрбиешілері қатыса алады.

2.2. Байқау төрт номинация бойынша жүргізіледі. Ол:

- «Үздік мерекелік сценарий» (кез-келген бағыт пен тақырып бойынша мерекелер, спектакльдердің сценарийлері қабылданады).

- «Өз қолымен жасалған әдістемелік материалдар» (педагогтар мен тәрбиешілердің дайындалған әдістемелік құралдары қабылданады).

- «Ашық сабақ» (кез-келген тақырыптағы әдістемелік әзірлемелер қабылданады. Жұмыстар Microsoft Word редакторында жасалып, слайдтар ұсынылуы керек).

- «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі білім беру қызметі» (осы бағыт бойынша, эссе, баяндама қабылданады. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі мен ерекшеліктерін ұйымдастыру мәселесі, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өзекті мәселелері мен даму перспективаларын қарастыру).

2.3. Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын ерікті түрде ұсынады.

2.4. Байқауға өз жұмыстарын жеке (бір адам) түрде ұсына алады. Байқауға екі немес оданда көп адам болып бірлесіп қатысуға болмайды. Байқауға жеке түрде қатысу міндетті.

2.5. Байқауға Қазақстан Республикасының барлық аумақтарының қатысушылары қатыса алады.

 

3. Байқау пәні

3.1. Байқау бір ғана кезең бойынша қарастырылады.

3.2. Әрбір жұмыс құрылымды болуы керек. Яғни, мақсаттары, міндеттері, әдіснамалық жаңалығы және автордың бағалау тиімділігі толық түрде көрсетілу керек.

3.3. Байқауға қатысу үшін тек түпнұсқа жұмысы жіберіледі (автордың өзі ұсынған). Көшірме (плогиат) жұмыстар қабылданбайды.

3.4. Жалпы  орта  мектептері,  гимназиялары,  мектеп-интернаттары,  мектеп-лицейлері,  орта  арнаулы  және  жоғары  оқу  орындарының  мұғалімдері  мен оқытушылары, балабақша тәрбиешілері қатыса алады.

3.5. Жұмыстың көлемі кем дегенде 3000 таңбадан, 7000-ға дейін аспауы керек, соның ішінде бос орын таңбалары кездеседі (шамамен 2-5 бетті мәтін).

 

4. Байқаудың өту уақыты

4.1. Байқаудың мерзімі және оның жеке кезеңдері төмендегі кестеге сәйкес жүргізіледі:

- Құжаттарды қабылдау 05.09 - 30.09.2019ж. аралығына дейін жіберілу керек.

- Жұмыстарды тексеру және бағалау 30.09 - 09.10.2019ж. аралығанда жүреді.

- Байқаудың жалпы қорытындысы 11.10.2019ж. ұйымдастыру порталында жарияланады.

4.2. Ұйымдастырушы байқаудың уақытын өзгертуге құқылы. Байқаудың жұмыс кестесін өзгерту туралы қатысушыларға bilim-orda.info порталы арқылы хабарлау міндетті.

 

5. Байқаудың жұмыстарын жіберу

5.1. Байқаудың жұмыстарын қабылдау bilim-orda.info порталы арқылы жүзеге асырылады.

5.2. Байқауға барлық пәндер бойынша жұмыстар қабылданады.

5.3. Мәтіндер келесі жолмен рәсімделеді: мақаланың атауы бас әріппен, жартылай қара, Times New Roman қаріпі, 14 кегіл, орта бойынша. Интервалдан кейін бір жол төменірек автордың фамилиясы аты-жөні толығымен жартылай қара, Times New Roman қаріпі, 14 кегіл, бұдан кейін келесі жолда курсивпен – ұйымның атауы (толық, аббревиатурасыз), қала. Бұдан әрі интервалдан кейін ұсынылып отырған толық мәтін басылады. Бет бағыты – кітаптық. Беттің жолдары сол жақ 3см, оң жақ 1.5см, жоғары және төмен жақтары 2см.

 

6. Байқаудың жұмыстарын жариялау

6.1. Байқауға қатысуға ұсынылған құжаттарды сараптаудан өткізіп, Ұйымдастырушы оны bilim-orda.info порталында электронды түрде қорытындысы жарияланады.

6.2. Әрбір жұмыс сараптамалық түрде бағаланады.

6.3. Қатысушылар жұмыстарын жіберу үшін bilim-orda.info порталы ұсынған өтінішті толтыру арқылы Ұйымдастыру комитетіне жіберіледі.

6.4. Жұмыстың оң шешімі қабылданған жағдайда порталда жарияланады. Жарияланған күннен бастап мадақтамалар қатысушының мекен-жайына жіберіледі.

 

7. Байқауды марапаттау

7.1. Байқау қатысушыларына келесі құжаттар беріледі:

1) Байқауға қатысқаны туралы растайтын қатысушының сертификаты;

2) Байқауға қатысып жүлделі орынға ие болған қатысушыларға жүлдегер Дипломы;

3) Байқауға қатысып, ең үздік нәтиже берген қатысушыға жеңімпаз Дипломы;

4) Байқауға қатысқаны үшін білім беру ұйымына алғыс хат;

7.2. Байқаудың барлық марапаттары Казпошта арқылы жіберіледі (жіберу қосымша төлемдерді талап етпейді).

 

8. Қатысушының құжаттарын тіркеу және ұсыну

Байқауға қатысушының құжаттарын өтініш беру формасын толтыру барысында көрсетілген ақпараттар негізі бойынша жүзеге асырылады. Ұйымдастырушы комитет қатысушы өтініш беру кезінде жіберген қателікке жауап бермейді. Оған тек қатысушы өзі ғана жауапты болады.

 

9. Жұмыстың сараптамасы

9.1. Жұмыстың сараптамасын жоғары білікті ғалымдар мен педагогтардан құралған сараптамалық комиссия жүзеге асырады.

9.2. Сарапшы бағалау әдісін төменде көрсетілген критерийлер бойынша жүргізеді:

• әзірленімнің педагогикалық құндылығы, білім беру үдерісінде кеңінен қолдану мүмкіндігі;

• ұсынылған материалдың өзектілігі, білім берудегі заманауи үрдістерге сәйкестігі;

• аталған тақырыптың толықтығы мен тереңдігі;

• мазмұнның сапасы;

• қосымша өлшемдер.

9.3. Әр кезең бойынша ең жоғарғы балл -10 ұпай. Ең төменгі балл – 1 ұпай болып есептеледі.

9.4. Ұйымдастырушылардан сараптама нәтижелеріне түсініктеме беру талап етілмейді.

 

10. Байқаудың жүргізілу тәртібі

10.1. Ұсынылып отырған әдістемелер сырттай нысанда жүргізіліп оған барлық ынта білдіргендер қатыса алады.

10.2. Байқау материалдары: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

10.3. Байқау марапаттарын Ұйымдастыру комитеті  өзі безендіруге, жөндеуге және оны таратуға өз міндетіне алады.