және тегін жарияланған үшін сертификат алу

«Алтын күз» атты Республикалық балалар сурет сайысы

Аяқталды

Қатысу аралығы:

05 қыркүйек 2019 / 30 қыркүйек 2019

Қорытынды шығу:

11 қазан 2019

Байқау туралы ереже:

Жүктеу

Төлемақы туралы әдіс:

Жүктеу

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ережелер «Алтын күз» атты Республикалық балалар сурет сайысын өткізу туралы мағлұмат беріледі.

1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы:

«Білім-орда» Республикалық ғылыми-практикалық порталы.

1.3. Байқаудың мақсаты – балаларда шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу. Өнер саласында эстетикалық талғамын, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру. Туындыларын көпшілікке жария ету мүмкіндігін ұсыну арқылы жас суретшілердің белсенділігін арттыру.

1.4. Байқаудың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылады:

а) Балалардың бейнелеу өнерге деген қызығушылығын арттыру.

б) Дарынды балдардың фантазиялық ұшқынын жетілдіру.

в) Жас суретшілердің белсенділігін арттыру.

1.5. Байқаудың мәні мен мазмұны:

а) Сайысқа суреттер (фотосуреттер) қабылданады

б) Дайын жұмыстар сайысқа қабылданбайды

в) Суреттер әр түрлі бағыттар бойынша ұсынылуы мүмкін.

1.6. Байқаудың әр жұмысына сараптамалық бағалаулар жүргізіледі. Әр қатысушы үшін тіркелу жарнасы 1000 теңгені құрайды.

 

2. Байқау катысушылары

2.1. Байқауға Қазақстан Республикасы бойынша жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия (1-4 сынып) аралығындағы оқушылар мен мектепке дейінгі балалар қатыса алады. Байқауға қатысушылар жетекшілерімен бірге байқауға үміткер бола алады.

2.2. Байқау үш номинация бойынша жүргізіледі. Олар:

- «Үздік сурет» (оқушылар өздерінің тақырыпқа байланысты суреттерін жібереді);

- «Үздік фотосурет» (оқушылар өздерінің тақырыпқа байланысты фотосуретің жібереді);

- «Үздік қолөнері» (оқушылар өздеріңің тақырыпқа байланысты өз қолымен жасаған колөнерін суретке түсіріп жібереді).

2.3. Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын ерікті түрде ұсынады.

2.4. Байқауға өз жұмыстарын жеке (бір адам) түрде ұсына алады. Байқауға екі немес оданда көп адам болып бірлесіп қатысуға болмайды. Байқауға жеке түрде қатысу міндетті.

2.5. Байқауға Қазақстан Республикасының барлық аумақтарының қатысушылары қатыса алады.

 

3. Байқау пәні

3.1. Байқау бір ғана кезең бойынша қарастырылады.

3.2. Байқаудың тақырыбы – автордың шығармашылық көзқарасы толықтай ашылуы.

3.3. Байқауға қатысу үшін тек түпнұсқа жұмысы жіберіледі (автордың өзі ұсынған). Көшірме (плогиат) жұмыстар қабылданбайды.

 

4. Байқаудың өту уақыты

4.1. Байқаудың мерзімі және оның жеке кезеңдері төмендегі кестеге сәйкес жүргізіледі:

- Құжаттарды қабылдау 05.09 - 30.09.2019ж. аралығына дейін жіберілу керек.

- Жұмыстарды тексеру және бағалау 30.09 - 09.10.2019ж. аралығанда жүреді.

- Байқаудың жалпы қорытындысы 11.10.2019ж. ұйымдастыру порталында жарияланады.

4.2. Ұйымдастырушы байқаудың уақытын өзгертуге құқылы. Байқаудың жұмыс кестесін өзгерту туралы қатысушыларға bilim-orda.info порталы арқылы хабарлау міндетті.

 

5. Байқаудың жұмыстарын жіберу

5.1. Байқаудың жұмыстарын қабылдау bilim-orda.info порталы арқылы жүзеге асырылады.

5.2. Суреттер .jpg., .jpeg форматтарда қабылданады. Суреттер сапалы болуы керек (бұлыңғыр емес, аның түсірілген). Фотосуреттерде бала, фигуралар және басқа жазбалар болмауы керек, (мысалы, баланың суретті ұстап тұрғаны)! Фотосуреттің артқы фонында бөгде жазбалардың, бөгде заттардың болуы жұмыстың өзін қарауға мүмкіндік бермейді, сондықтан жұмысты бағалау төмендетілуі мүмкін.

5.3. Жұмыстарды конкурсанттар өздері жасауы керек. Жұмыс қатысушының жасына сәйкес келуі керек, ересектер көмекшілер, кураторлар болуы мүмкін.

5.4. Суреттер кез-келген материалда (қағаз, картон, кенеп және т.б.) кез-келген сурет техникасында (акварель, сия, түсті қарындаштар, акрил, гуашь) орындалуы мүмкін.

5.5. Суреттерді сканерлеу немесе суретке түсіру қажет (фотосуреттер Word құжатына еңгізбеуді сұраймыз).

5.6. Жұмыстар конкурстың таңдап алынған тақырыбына сәйкес болуы керек. Конкурс тақырыбына, талабына сәйкес келмейтін жұмыстар конкурсқа қатысуға рұқсат етілмейді және қарастырылмайды.

5.7. Конкурсқа ұсынылған әрбір сурет бойынша жеке өтінім жасалады. Сонымен қатар, әр жұмыс үшін төлем жасалады, төлемдерді жалпы сомамен өткізуге болады.

Конкурсқа қабылданған жұмыстар қайтарылмайды. Конкурсқа жіберілген барлық материалдарды орталық авторға сілтеме жасай отырып, пайдалана алады.

5.8. Сайысқа қатысушы өзіңінің жұмысын қалай бастап жатқаның әрекеттер тізбегі арқылы қосымша апқарат бөлімінде жұмыстарын сипаттап көрсетеді. Оны көрсету үшін, екі фотосуретте ұсынады:

1-ші фотосуретте – бала жұмыс жасау кезінде. Суретте қатысушы бала міндетті түрде өзінің жұмыс жасау кезіндегі фотосы болу керек. Суреті жоқ бірақ баласы бар фотосуреттер қабылданбайды!

2-ші фотосуретте – тек жақын және нақты сурет. Суреттер сапалы болуы керек (бұлыңғыр емес, анық емес). Фотосуреттерде балалар болмауы керек (мысалы, баланың қолында сурет бар), сандар және басқа жазулар! Фотосуреттің аясында сыртқы жазулардың, бөгде заттардың болуы жұмыстың өзін қарастыруға мүмкіндік бермейді, сондықтан жұмыс үшін рейтинг төмендетілуі мүмкін.

5.7. Фотосурет жіберу арқылы сіз осы ережелермен келісесіз.

6. Байқаудың жұмыстарын жариялау

6.1. Байқауға қатысуға ұсынылған құжаттарды сараптаудан өткізіп, Ұйымдастырушы оны bilim-orda.info порталында электронды түрде қорытындысы жарияланады.

6.2. Әрбір жұмыс сараптамалық түрде бағаланады.

6.3. Қатысушылар жұмыстарын жіберу үшін bilim-orda.info порталы ұсынған өтінішті толтыру арқылы Ұйымдастыру комитетіне жіберіледі.

6.4. Жұмыстың оң шешімі қабылданған жағдайда порталда жарияланады. Жарияланған күннен бастап мадақтамалар қатысушының мекен-жайына жіберіледі.

 

7. Байқауды марапаттау

7.1. Байқау қатысушыларына келесі құжаттар беріледі:

1) Байқауға қатысқаны туралы растайтын қатысушының сертификаты;

2) Байқауға қатысып жүлделі орынға ие болған қатысушыларға жүлдегер Дипломы;

3) Байқауға қатысып, ең үздік нәтиже берген қатысушыға жеңімпаз Дипломы. 

4) Байқауға қатыстырғаны үшін жетекшісіне арнайы алғыс хат;

7.2. Байқаудың барлық марапаттары Казпошта арқылы жіберіледі (жіберу қосымша төлемдерді талап етпейді).

 

8. Қатысушының құжаттарын тіркеу және ұсыну

Байқауға қатысушының құжаттарын өтініш беру формасын толтыру барысында көрсетілген ақпараттар негізі бойынша жүзеге асырылады. Ұйымдастырушы комитет қатысушы өтініш беру кезінде жіберген қателікке жауап бермейді. Оған тек қатысушы өзі ғана жауапты болады.

 

9. Жұмыстың сараптамасы

9.1. Жұмыстың сараптамасын жоғары білікті ғалымдар мен педагогтардан құралған сараптамалық комиссия жүзеге асырады.

9.2. Сарапшы бағалау әдісін төменде көрсетілген критерийлер бойынша жүргізеді:

• шығармашылық идеяның өзіндік ерекшелігі;

• байқау тақырыптарының сәйкестігі;

• автордың қиялы мен шығармашылығының байлығы;

• көркем образдың тұтастығы;

• стандартты емес орындау техникасы мен көркем материалдарды қолдану;

• тақырыптың өзектілігі мен тереңдігі;

• автордың жасы мен жұмысының арақатынасы;

• жұмысты тіркеу талаптарының сақталуы.

9.3. Әр кезең бойынша ең жоғарғы балл -10 ұпай. Ең төменгі балл – 1 ұпай болып есептеледі.

9.4. Ұйымдастырушылардан сараптама нәтижелеріне түсініктеме беру талап етілмейді.

 

10. Байқаудың жүргізілу тәртібі

10.1. Ұсынылып отырған әдістемелер сырттай нысанда жүргізіліп оған барлық ынта білдіргендер қатыса алады.

10.2. Байқау материалдары: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

10.3. Байқау марапаттарын Ұйымдастыру комитеті  өзі безендіруге, жөндеуге және оны таратуға өз міндетіне алады.